Қауіпсіздікке басымдық беру

June 6, 2018

Қауіпсіздікке басымдық беру

Сәрсенбіде, 2016 жылдың 5 қазанында Дайындық мектебі жаңа 2016-2017 оқу жылындағы алғашқы өрт сөндіру жаттығуларын өткізді. Өрт сөндіру жаттығулары ойдағыдай өтті және барлық жұмыстар студенттермен келісілді. Студенттер  оқу аудиторияларынан тыныштық сақтап, аспай-саспай шықты. Олар үнемі өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы даярлықтан өткен оқытушылар мен қызметкерлердің қадағалауында болды. Өртке қарсы қызмет оқытуынан өткен қызметкерлер төтенше есіктер жанында тұрып, студенттерге қай бағытта жүру керектігін көрсетіп,   оларға өте абайлып, жылдам өтеу қажеттігі туралы ескертті. Атриумның қарама-қарсы жағында студенттер топ-топқа жиналды, ал мұғалімдер олардың бар-жоғын тексерді. Барлығы тексеріліп болған соң, студенттерге оқу аудиторияларына, қауіпсіз жерлерге оралуға мүмкіндік берілді.

Назарбаев Университеті төтенше өрт қауіпті жағдайда қауіпсіздік техникасын сақтауға үйрету үшін өрт сөндіру бойынша оқыту шараларын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Университетте өртке қарсы дайындықтан басқа, елеулі қауіпсіздік шаралары қабылданады. Мысалы, барлық ішкі үй-жайлар тексерілген өрт сөндіргіштермен жабдықталған, ал барлық қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынады. Бұл қауіпсіздік шаралары өрттің пайда болуына жол бермейді; десек те, өрт сөндіру жаттығулары университетте жүргізілетін маңызды тұрақты іс-шара болып табылады.