Қаржы мəселесі

Студенттер мен олардың отбасылары үшін қаржылық шығындар мəселесі күрделі екені бізге мəлім. Жоғары білім алуға жұмсалған шығын шын мәнінде болашақ үшін инвестиция болып табылады, сондықтан біз Назарбаев Университеті түлектерінің табысты болашағы үшін халықаралық деңгейдегі білім сапасын сақтай отырып, оқу бағасын төмен деңгейде ұстауға ұмтыламыз.

Мемлекеттік стипендиялар

Назарбаев Университетінің білім беру гранттары аясында НУ-да оқитын  қазақстандықтардың көпшілігі мемлекеттік стипендия иегерлері. Бұл гранттар қолданыстағы ережелерге жəне стипендианттарды қолдау ережелеріне сəйкес қатаң түрде университет президентінің шешімі бойынша тағайындалады. Бұл стипендия Университет алдындағы дайындық бағдарламасындағы дайындық курсының ақысын өтеуге толық жетеді, сондай-ақ студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Оқыту

Жалпы ақылы оқу бөліміне аздаған студент қабылданады. Бұл студенттердің көпшілігі стипендия алады және олардың кейбіреулері оқу ақысын 100% -ға дейін төлей алады. Студенттерді қаржылық қолдау қажеттілігі стипендиялар тағайындау барысында ескеріледі.

Студенттер қорына төленетін (міндетті емес) жарналар

Студенттік қор студенттерді және олардың университет қалашығындағы қызметтерін қолдау үшін қаражат жинайды. Бұл қаражат студенттердің аудиториядан тыс дамуына қосымша мүмкіндік беретін, сондай-ақ студенттік өмірді байытып, қызықты ететін 100-ден астам клубтар мен ұйымдардың жұмысы үшін қажет. Сонымен қатар студенттік қорға төленетін жарналар студенттерге университет қалашығы аумағында көрсетілетін көптеген қызметтерді пайдалану мүмкіндік береді. Студенттік қорға жарна төлеу ерікті түрде.  Қосымша ақпарат алу үшін www.fund.nu.edu.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.

Тамақтану     

Студенттерге Университет қалашығы аумағындағы асханада тамақтану үшін ақша төлеу қажет, мұның артықшылықтары:

  • қымбат емес ( шамамен күніне 1000 теңге)
  • күніне екі мезгіл тойымды тамақ (оқу күндері)
  • ас мəзірінің алуан түрлілігі
  • уақыт пен ақшаны үнемдейді
  • тамақтанатын жер іздеудің қажеттілігі жоқ
  • Студент жүктемесіне қарамастан, дұрыс тамақтануға мүмкіндік болады.

Жатақханада тұру ақысы (міндетті болып табылады)

Студенттердің көбісі кампустың аумағында тұрады. Олар үшін жатақханада тұру ақысын  төлеу  міндетті, өйткені бұл ақы стипендиялар мен гранттар арқылы өтелмейді жəне ол оқу жылының басында төленеді. Бұл ақының ішіне:

  • жатақханада тұру ақысы

Студенттерге НУ-дың басқа да студенттерімен бірге тұратын жатақханадан бөлме беріледі.

  • Кір жуу қызметтері үшін төленетін ақы

Студент кір жуу қызметін пайдаланбаса да бұл ақы түрін төлеуге міндетті, себебі мұны санитарлық ережелер мен нормалар талап етеді.

  • төсек-орынды пайдалануға төленетін ақы

Бұл ақы төсек-орын жабдығын, көрпелер мен жастықтарды пайдаланғаны үшін төленеді. Ақы оқу жылының бірінші семестірінің басында бір рет төленуі тиіс.

Өзге қызметтерге арналған жарналар туралы қосымша ақпарат алу үшін университеттің менеджмент бөлімімен (usm-info@nu.edu.kz) хабарласыңыз.

Кампустан тыс тұру

Астанада немесе кампустан тыс тұратын студенттер университетке келіп-кетудің өздеріне ыңғайлы жолдарын іздестіру керек. Автотұраққа көлік қою үшін рұқсат шектелген. Студенттерге біздің университет кампусында қызмет көрсететін көліктерді пайдалануға кеңес береміз.

Жеке көліктердің тұрағы үшін төленетін ақы

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу және заңсыз тұрақ орындарына қоюға жол бермеу мақсатында кампустың аумағында жеке көлікпен жүруге шек қойылған. Кампустан тыс тұратын студенттерге жеке көліктерін тұраққа қою үшін рұқсат қағазын алу қажет, оның саны шектеулі, оны алу үшін оларға жылдың басында өтініш толтыру керек. Дегенмен, студент-магистранттарға жыл сайын рұқсат қағаздар беріледі.