Гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдар

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар адамзат тәжірибесінің алуан түрлілігін зерттейді. Адамзат тəжірибесі ұғымы дəлелденбеген және бір-біріне қайшы, сондай-ақ ол уақыт пен орын өзгерісіне ұшырайды. Осы алуан түрлілік  гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды зерттеудің негізі болып табылады.

Осы қиындықтарға қарамастан оларды зерттеудің маңызы зор. Адамдардың барлығы - мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдар болсын, бизнес-қоғамдастықтар, лаңкестік ұйымдар, қауымдағы белсенділер немесе жеке тұлғалар күн сайын өз қызметін жүзеге асырады. Олар дүниеге көзқарасына байланысты нені шынайы қабылдаса соның негізінде  əрекет етеді. Бұл зерттеулердің ең тамаша нәтижесі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды зерттеу шындықты қалыптастырып оны өзгерте алатындығында, сондай-ақ əр адам көздеген ақтық мақсатына жету үшін бұл шындық нақты, əрі пайдалы болады.

Біздің пән

Бұл пән студенттерді гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдармен таныстыруға арналған. Ол гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық және экологиялық мәселелерге кең түрде аналитикалық талдау жүргізуді үйретуге арналған. Бұл пән студенттердің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қажетті ортаны қалыптастырады, ал бұл дағды зерттеулер жүргізу үшін, сондай-ақ болашақ мансап үшін де өте маңызды болып табылады.

Бұл бәнді аяқтаған студенттер:

  • Адам және әлеуметтік ғылымдар мәселелері бойынша білімдерінің кең ауқымын көрсете алады
  • Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың негізін салушы теорияларды жəне  проблемаларды талқылай алады
  • Талқыланатын мəселені сыни түрде бағалау кезінде үйренген дағдыларын пайдаланады
  • Үйренген дағдылар мен алған білімді эссе және емтихан жазғанда пайдаланады

Ғылым осы саласына шолу меңгерген білімді түсіне отырып, оны басқа да пəндерді түсіну үшін пайдалану, болашақта өмірдің кез-келген саласы бойынша шешім қабылдауға көмектеседі.