Жеке өсу модулі (ЖӨМ)

Жеке өсу модулі (ЖӨМ) студенттердің жеке бейімделген қызметі арқылы идеялармен алмасу және  пікірталастарды  өткізу мақсатында командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

1-семестр

Модульдің негізгі тақырыбы алғашқы жеті аптаның ішінде негізделген шешімдерді қабылдау және ғылыми сабақтардың болашақ факультативтік нұсқаларын түсіну болып табылады.
ЖӨМ сабақтарының 1-семестрдегі мазмұны мыналарды қамтиды:

  • Дағдыларға бағдарланған семинарлар
  • Жұмыс уақытын жоспарлау
  • Командада жұмыс істеу
  • оқыту дағдылары
  • Стрессті басқару

ЖӨМ сондай-ақ емтихандар өткізу мен білімді бағалауды көздейтін практикалық әдістерге, сондай-ақ сыни пікірлерді тиімді пайдалана білу дағдыларына  назар аударады. Сонымен қатар, оқыту дағдылары, шиеленістер мен гендерлік қатынастар студенттердің университетте оқуы кезінде кездесетін проблемаларды талқылауға және өзін-өзі дамытуды көтермелеуге бағытталған тақырыптар болып табылады.

Жеке өсу модулі білімді бағалаудың ресми жүйесін қамтымайды; студенттер бастапқы кезеңдерде аналитикалық жазбамен танысады, осыдан кейін олар қаралған тақырыптардың негізінде тұрақты жазбаша аналитикалық мақалаларды жасаулары қажет.

2-семестр

Екінші семестрде Жеке өсу модулі студенттің өзін-өзі түсінуді дамытуға  және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған қасиет пен дағдыларды жетілдіруге негізделеді.

Зерттелетін тақырыптар мыналарды қамтиды:

  • Толеранттылық
  • Басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу
  • Әлеуметтік жауапкершілікке көзқарас
  • Сабақтан тыс жаттығулар.

Білімді бағалау

Жеке өсу модулі білімді бағалаудың ресми жүйесін қамтымайды; осыған қарамастан студенттер бірінші семестрдің бастапқы кезеңдерінде аналитикалық жазбамен танысады, осыдан кейін 1 және  2-семестрдің ішінде олар қаралған тақырыптардың негізінде тұрақты жазбаша аналитикалық мақалаларды жасаулары қажет. Осындай аналитикалық шығармалар студенттердің білімін үздіксіз бақылау мақсатында ресми емес білім бағалау ретінде пайдаланылады.

 


 

Жарияланған сәтте ұсынылған ақпарат нақты және дұрыс болып саналады. Ақпарат алдын ала хабардар етілмей, өзгертілуі мүмкін. Жариялау үшін ұсынылған ақпарат өзекті болып табылады. Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі жоғарыда көрсетілген ақпараттың нақтылығы және толықтығы үшін жауап бермейді. Деректерді растау үшін электрондық хаттарға артықшылық беріледі.