Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдары (физика, биология / химия)

Жаратылыстану  ғылымдарын зерттеу процесі жас ғалымдар үшін баға жетпес тәжірибе ұсынады. Осы білім беру процесінің негізгі мақсаты олардың  тəуелсіз əрі мақсатқа ұмтылған ғалымдар ретінде одан әрі қалыптасуына, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың белсенді мүшелері болуына негіз қалайтын толыққанды тұлғаны дамыту болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін университет алдындағы дайындық бағдарламасында білім алатын барлық студенттер 1-7 апта бойы «Перспективадағы  ғылым» пәнін зерделейді.

Бұл пәннің міндеттері:

  • гуманитарлық ғылымдарды таңдаған студенттер үшін нақты ғылымдарды кеңінен түсіну;
  • жаратылыстану ғылымдарын және математиканы таңдаған студенттерге пәннің жалпы пайымын беру, сондай-ақ жаратылыс тану  ғылымдарының тұтастай алғанда қоғамға қаншалықты әсерін тигізетінін түсіндіру.

Белгіленген  міндеттерді оқытушылар  тиісті пәндерді оқыту арқылы іске асырады.

8-ші аптадан бастап және оқу жылының соңына дейін студенттер нақты ғылымдарды тереңірек зерттеуге және биология, химия немесе физика салаларында  құзыреттілігін дамытуға көңіл бөледі. Оқу бағдарламасы осыған дейінгі дайындық бағдарламасындағы академиялық мақсаттағы ағылшын тілі, гуманитарлық ғылымдар жəне математика пəндерінде оқытылған тақырыптарға орайлас құрылған.

Студенттер мыналар арқылы біртіндеп бейінді пəндерді одан əрі терең зерттеуге кіріседі:

  • семинарлар
  • лекциялар
  • мәселелерді шешуге арналған сессиялар
  • зертханалық практикалық сабақтар
  • жеке кездесулер

Университет алдындағы дайындық бағдарламасы шеңберінде эксперименталды ғылымдар қандай мақсатпен оқытылады?

Университет алдындағы дайындық бағдарламасы аяқталған соң  студенттер Назарбаев Университетіндегі ғылыми жобаларға қатысуға толығымен дайын болады, өйткені  олар бакалавриат бағдарламасында білім алған кезеңде  академиялық ортаға бейімделген болатын. Осылайша, университет алдындағы дайындық бағдарламасынан өткен  түлектер:

  • дүниетанымы жан-жақты зерттеушілер
  • озық ойлы талдаушылар
  • танымал әрі байсалды ғалымдар болады.