Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі (АМАТ)

«Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі» (АМАТ) курсы студенттерге академиялық қатынастың негізінде жатқан негізгі идеяларды зерттеу, ұсынымдар мен талдау арқылы мағынаны түсіндіру, сондай-ақ тәуелсіз сыни тұрғыдан ойлау және түсіну  мүмкіндіктерінің кең ауқымын ұсынады. Сыни ойлау және бағалау тәсілінің көмегімен студенттердің тәуелсіздігі мен жауапкершілігіне қолдау көрсетіледі. Курстың және оқу қызметінің барысында пәндік салалардың кең ауқымды спектрінен академиялық мәтіндерді зерттеу арқылы идеяларды сыни тұрғыдан қарау үшін студенттердің әлеуеті дамытылатын болады. Сөйтіп, студенттер АМАТ-қа байланысты дағдыларды базалық бағдарламаның басқа салаларындағы зерттеулерге қатысы бар жағдаяттар арқылы меңгеретін болады.

Білімді бағалау мыналарды қамтиды:

  • Алдын ала жобаның қысқаша сипаттамасы
  • Ғылыми таныстырылым
  • Аудирлеу және оқу бойынша емтихан
  • Егжей-тегжейлі зерттеу жобасы
  • Ғылыми жобаның базасындағы ауызша емтихан.

 


Жарияланған сәтте ұсынылған ақпарат нақты және дұрыс болып саналады. Ақпарат алдын ала хабардар етілмей, өзгертілуі мүмкін. Жариялау үшін ұсынылған ақпарат өзекті болып табылады. Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі жоғарыда көрсетілген ақпараттың нақтылығы және толықтығы үшін жауап бермейді. Деректерді растау үшін электрондық хаттарға артықшылық беріледі.