Білім берудің бір жылдық университет алдындағы дайындық курсының құрылымы

Білім беру тәсілдері

Білім берудің жеделдетілген бір жылдық университет алдындағы дайындық курсы сыни ойлау дағдыларын дамытуға, қойылған міндеттерді талдау мен шешуге  шоғырлана отырып білім берудің интеграцияланған моделіне құрылған. Жалпы пәндерді зерделеу кезінде студенттер Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі  (EAP), жаратылыс тану ғылымдары, математика, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар сабақтарында осыған ұқсас тақырыптарды кездестіреді. Осылайша, бұл тәсіл ағымдағы әлеуметтік проблемаларға кешенді пәнаралық көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерделенетін пәндер бакалавриат бағдарламасында білім алғанда қажет болатын студенттердің керекті практикалық дағдылары бар ойшылдарға және көшбасшыларға айналуы үшін фактілер мен цифрлардың шеңберінен шығуға мүмкіндік береді, одан кейін білімдері мен дағдыларын Қазақстан экономикасының дамуына қолданатын болады. Осы білім беру тәсіліне өзінде мыналарды қамтитын білім берудің әр түрлі модельдерін пайдалану есебінен қол жеткізіледі:

  • Лекциялар (аудиториялық және онлайн)
  • Семинарлар
  • Жеке сабақтар
  • Зертханалық практикалық сабақтар
  • Сыни ойлау бойынша пәндер

Бірінші семестр

Бірінші семестрдің басында Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша білім алатын барлық студенттерге арналған жалпы оқу жоспары болады. Оқу бағдарламасы студенттердің ағымдағы академиялық тақырыптарға арналған көпбейінді перспектива түсінігін дамытады, бұл студенттерге олардың бакалавриатта одан әрі білім алуы үшін түпкілікті шешім қабылдауына көмектеседі. Осы бастапқы апталар ішінде студенттер университеттегі бакалавриаттың қазіргі мамандықтарының кең алуан түрлілігін тұтастай бағалау және шығармашылық ақыл-ой жолымен әр пәнді қарау үшін барлық пәндерді зерделейді. Курстар өзінде келесі пәндерді қамтиды:

  • Математика (Pre-Calculus)
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
  • Жеке даму модулі
  • Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар
  • Перспективадағы ғылым
  • Кураторлармен жеке кездесулер (тағайындалған куратормен бетпе-бет).

Студенттер барлық пәндермен танысқаннан кейін, одан әрі барынша терең зерттеу үшін білім алу бағытын таңдайды (гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, физика, биология / химия).

Екінші семестр  

Студенттер таңдаған бағыттарына сәйкес оқуын жалғастырады. Бұдан басқа, студенттердің қалауы бойынша пән таңдау мүмкіндігі болады. Жекелеген пәндер туралы барынша толық ақпаратты біздің веб-сайттан алуға болады.