Талапкерлер

Университет алдындағы дайындық бағдарламасының талапкерлері кім?
Университет алдындағы дайындық бағдарламасының дайындық жылы Қазақстанның барлық өңірлерінен және одан тыс жерлерден келген студенттердің қызығушылығын тудырады. 2016 жылы қабылданған студенттердің арасында Қырғызстан Республикасы мен Моңғолиядан келгендер бар.

Қабылдау емтихандары және өту балдары

  1. a) Британдық кеңес өткізетін BCEPT / APTIS ағылшын тілі бойынша тест  
  2. b) Кембридж Тест орталығы әкімшілік ететін, 3 нұсқаның бірін таңдаумен пәндік қабылдау тесті:
Математика + Физика
Математика + Биология және Химия
Математика + Сыни ойлау
с) IELTS - ең төменгі жалпы өту балы 6.0
* пәндік қабылдау тестілері өткізілетін күндер жайлы біздің веб-сайтымыздан қараңыз.

Университет алдындағы дайындық бағдарламасын неге таңдауға болады?

Дүниежүзі бойынша Дайындық мектебіндегі оқытушылар құрамының оқыту тәжірибесі мол және біліктілігі жоғары. Бағдарламаны аяқтаған соң біздің түлектер әлемнің кез келген жоғары оқу орнында бакалавриат бағдарламасына түсу үшін жеткілікті білім мен дағдылары ие болады. Бұдан басқа, мектептің материалдық-техникалық базасы студенттердің оқу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді және жетілдіреді. Стандарттар өте жоғары және оларды студенттердің өздері белгілейді. Түлектердің бейініне мыналар кіреді:
  • өз бетінше оқу дағдылары;
  • сабаққа қатысу деңгейінің жоғары болуы;
  • уақытты тиімді басқару;
  • оқу бағыты мен болашақ мамандығын анықтау;
  • ағылшын тілін еркін меңгеру;
  • есептеу дағдылары;
  • қызығушылық пен заманауи оқыту тәсілдеріне дайын болу;
  • академиялық ортаға тез бейімделу қабілеті.