Студенттік өмір

Университет алдындағы дайындық бағдарламасының студенттері университет қалашығының өміріне белсенді атсалысады. Қоғамдық іс-шараларға қатысу студенттерге жаңа достар табуға және әртүрлі клубтарда көшбасшылық, топпен жұмыс жасау, шығармашылық ойлау және салауатты өмір салты дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Университетті бітіргеннен кейін волонтер болу және өзінің сүйікті ісімен шұғылдану жұмысқа тұрғанда, ғылыми зерттеуді жалғастырғанда, сондай-ақ студенттердің өзін-өзі жақсы сезінуіне де елеулі әсерін тигізеді.

Кампус аумағында 90-нан астам студенттік клуб бар. Оларға қатысу  достық қарым-қатынастарды ұзаққа жалғастыруға, өз бойындағы дағдыларды дамытуға көмектеседі. Өз  талғамыңызға сай клубты таңдаңыз:

  •    Қайырымдылық волонтері

    Мысалдар:

   Назарбаев Университетіндегі Қызыл Жартыай қоғамы

   Балаларға қайырымдылық жасау

  •    Спорттың сауықтыру түрлері

    Мысалдар:

   Пәндер және спорт залдары

   Университеттің спорттық іс-шаралары

   Әртүрлі спорттық клубтар

  •    Би

   Мысалдар:

   Бал билері

   Әлеуметтік латын  биі

   Брейк данс

  •    Өнер және музыка

    Мысалдар:

   Көркемөнер студиясы

   Драма

   Музыка

  •    Бұқаралық ақпарат құралдары

    Мысалдар:

   Әуесқой  фотографтар клубы

   «Tie» студенттік журналы

  •    Академиялық дамыту

    Мысалдар:

   Ханымдар қоғамдастығы

   Тоаст шеберлер

   «Астана» жастар парламенті

Тек  Университет алдындағы дайындық бағдарламасының студенттеріне ғана арналған клубтар да бар. Мысалы, қысқаша әңгімелер клубы және әңгімелесу клубы. Клубтардың толық тізімін және байланыс деректерін Назарбаев Университетінің Студенттерге арналған анықтамалығынан немесе Студенттік порталдан таба аласыз.