Оқу бағдарламасы

1-семестр, 1-7 апта

Алғашқы жеті апта ішінде студенттер таңдаған бағытына қарамастан жалпы бағдарлама бойынша білім алады:

  • Математика (4 сағат)
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі (9 сағат)
  • Жеке өсу модулі (2 сағат)
  • Гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдарға кіріспе (4 сағат)
  • Жалпы ғылымдар/Жаратылыстану (6 сағат)
  • Куратормен жеке кездесулер

1-семестр, 9-14  апта

8-аптада студенттер өздері таңдаған бағытта қалу немесе басқа мамандыққа ауысу туралы шешім қабылдайды. 9-аптадан бастап жалпы бағдарламаға таңдаған мамандық бойынша пәндер қосылады:

  • Математика (4 сағат)
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі (9 сағат)
  • Жеке өсу модулі (2 сағат)
  • Гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдар (7 сағат) немесе Физика (7 сағат) немесе Биология және Химия (7 сағат)
  • Куратормен жеке кездесулер

2-семестр

Жылдың екінші жартысында студенттер пәндерді тереңдете оқиды, мысалы: «Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі» пәні бойынша студенттер ғылыми-зерттеу жұмысын жазады және бейінді математика пәні бойынша таңдаған бағытта математикалық дағдыларын жақсартады:

  • Физикалық ғылымдар үшін математика  (4 сағат) немесе жаратылыстану ғылымдары үшін математика (4 сағат) немесе статистика (4 сағат)
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі (8 сағат)
  • Жеке өсу модулі (1 сағат)
  • Гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдар (7 сағат) немесе Физика (7 сағат) немесе Биология және Химия (7 сағат)
  • Куратормен жеке кездесулер