Университет алдындағы дайындық бағдарламасы туралы

Назарбаев Университетінің жеделдетілген университет алдындағы білім берудің бір жылдық курсы Дайындық мектебінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін студент академиялық міндеттерді шешуге қабілетті болады, бағдарлама студенттердің бакалавриат бағдарламасында білім алуына дайындық деңгейін арттырады, студенттерді басымдықтарды түзуге және өзінің жеке уақытын жоспарлауға үйретеді және оларды университеттің академиялық ортасына бейімдейді .

Университет алдындағы дайындық бағдарламасының мақсаты қандай ?

“Академиялық жазу және сыни ойлау дағдыларын , сондай-ақ нақты пән сабақтары бойынша білімін дамыту мақсатында университет алдынғы дайындықтың бір жылға арналған  бағдарламасында студенттер Дайындық мектебінде бүгінгі орта мектептерден... білім берудің университеттік ортасына бірте-бірте өтеді.”- НУ 2012-20 стратегиясы.

Біздің студенттер

Университет алдындағы дайындық бағдарламасында  білім алуға Қазақстанның әр өңірлерінен келген аса талантты студенттер, сондай-ақ үздік шетел студенттері оқуға қабылданады. Біздің түлектеріміздің көпшілігі   Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына оқуға түседі, осыған орай, олардың бірқатары білім алуын Қазақстан Республикасынан тыс жалғастырып жатқанын атап көрсету керек. Олардың білім алуын НУ-да немесе шетелде жалғастыратынына  қарамастан, барлық студенттер бағдарламаның соңында білім алудың келесі кезеңіне білікті дайындықтан өтеді.

Біздің оқытушылардың құрамы

Дайындық мектебі оқытушыларының құрамы біліктілігі жоғары және тек қана тәжірибелі оқытушылардан тұрады. Оқытушылар студенттерге білім беруге ерекше назар аударады және олардың табыстарының академиялық аспектілеріне көңіл бөлінеді.


Жарияланған сәтте ұсынылған ақпарат нақты және дұрыс болып саналады. Ақпарат алдын ала хабардар етілмей, өзгертілуі мүмкін. Жариялау үшін ұсынылған ақпарат өзекті болып табылады. Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі жоғарыда көрсетілген ақпараттың нақтылығы және толықтығы үшін жауап бермейді. Сайтқа қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз, ескертулер мен шағымдарыңыз туындаған жағдайда электрондық пошта nufyp@nu.edu.kz арқылы хабарлама жіберіп, бізге хабарласуыңызға болады.