Дайындық мектебіне (ДМ) қош келдіңіз. Біз студенттерге таңдап алған салаларында табысқа жету мақсатында оларды дербес және тәуелсіз оқыту үшін даярлаудың бірегей миссиясы бар Назарбаев Университетінің бөлімшесі болып табылады. Біздің оқытушылар студенттердің дамуына және олардың өз мүмкіндігін пайдалана алуына көмектеседі.

Дайындық мектебінде екі академиялық бағдарлама жұмыс істейді: (1)  студенттерді бакалавриат бағдарламаларында оқыту үшін даярлайтын, университет алдындағы дайындық бағдарламасы (NUFYP) және (2) кейінгі зерттеулер үшін академиялық ағылшын тілі дағдыларын жақсартатын, магистратура бағдарламасына оқуға түсу талабымен студенттерге арналған оқытудың дайындық жылы.

Университет алдындағы дайындық бағдарламасында ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқытуға, сондай-ақ сыни ойлау, оқу дағдыларын, академиялық дағдыларды дамытуға, практикалық білім алуға ерекше көңіл бөлінеді.

НУ магистратура бағдарламаларының дайындық жылы шартты түрде оқуға алынған студенттерге магистратура бағдарламаларында оқу үшін ағылшын тілі мен академиялық дағдыларды меңгеру мақсатында арналған. Біз студенттерге олардың таңдаған саласында оқу оқып және зерттеулер жүргізу мүмкіндігіне ие болуы үшін жеделдетілген оқу бағдарламасын ұсынамыз.

Дайындық мектебі студенттерге қолдау көрсетеді. Біріншіден, оқыту шағын топтарда өткізіледі, екіншіден, куратормен жеке кездесулер және практикалық сабақтар көзделген, сондай-ақ Студенттерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Сабақтар қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін, студенттердің өз бетінше оқуына бағытталған.

Дайындық мектебі студенттерді өз өмірінде келесі қадам жасауға дайындаудағы өз қызметін үнемі жетілдіреді. Сіздерді академиялық ортаға сәтті бейімделуге көмектесетін біздің бағдарламаларымызға оқуға шақырамыз.

 

Құрметпен,

Роберт Доблер, т.ғ.к.

Бас директор, Дайындық мектебі