Дайындық мектебіне қош келдіңіздер!  Мұнда, сіз дайындық бағдарламасына түсу туралы, сондай-ақ кампустағы және Астанадағы өмір туралы жалпы ақпарат таба аласыз. Біздің студенттеріміздің ата-аналары үшін NUFYP оқу барысында өзіңіздің ұлыңызға немесе қызыңызға  қалай қолдау көрсете алатындығыңыз  туралы ақпарат жарияланды. Талапкерлердің ата-аналарына   Назарбаев Университеті Қабылдау комиссиясының сайтындағы ақпаратпен  оқып танысуды ұсынамыз, онда  іріктеу процесі және өтініш мерзімдері туралы толық ақпарат берілген.
Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасы (НУДБ) бакалавриат бағдарламаларының талаптарын қанағаттандыру үшін НУ бакалавриат бағдарламаларымен,  сыртқы сарапшылармен,  Дайындық мектебінің қызметкерлерімен егжей-тегжейлі косультацияларды және студенттердің пікірлерін есепке ала отырып әзірленді.   Назарбаев Университеті зерттеу университеті болып табылады, осыған байланысты Дайындық мектебінде білім берудің негізгі мәні студенттерді НУ  академиялық қоғамдастығына бейімдеу болып табылады. Оқытушылар құрамы және әкімшілік қызметкерлер студенттер үшін достық ниетті қолайлы ортаны қамтамасыз етеді және оларға бүкіл оқу жылы бойы академиялық, лингвистикалық және жеке басы тұрғысынан алып қарағанда, бейімделуге көмектеседі. Бастапқыда барлық студенттер академиялық ағылшын тілін, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды, эксперименталды ғылымдар мен математиканы қоса алғанда, жалпы білім беретін пәндерді оқиды. Орта мектепте бір немесе екі пән саласында маманданған кейбір студенттер үшін кеңейтілген оқу жоспарымен танысуға: идеялар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ, жаңа пәндерді игеруге мүмкіндік беріледі. Одан әрі студенттер гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға немесе математика мен тиісті мамандануға арналған академиялық ағылшын тілін қоса алғанда, эксперименталды ғылымдарға маманданады.
Университетте оқытудың академиялық емес дайындығы шеңберінде студенттер сондай-ақ тәуелсіз болу дағдыларын және тұрақты сыныптардан басқа,  өздерінің бос уақытын ұйымдастыру дағдыларын дамытады. Орта мектептер университетпен салыстырғанда енжар мiнез-құлыққа оқып-үйретеді, сондықтан тәуелсіз болуды дамытудың  студенттердің университетте де, сондай-ақ өмірде де болашақтағы табысы үшін маңызы зор.

Туындайтын мәселелер немесе  Дайындық мектебіне саяхат бойынша Университет алдындағы дайындық Орталығының қызметкерлерімен nufyp@nu.edu.kz электронды мекенжайы арқылы байланысқа  шығуға болады.